Script 1
[Бұл жазба интерактивті дауыс мәзірінде (IVR) пайдаланылады Біз оның тартымды болғанын қалаймыз]
Сәлеметсіз бе! Біздің компаниямызға қоңырау шалғаныңызға рахмет! Жобаңызды кез келген тілде дыбыстаудың ең керемет жолы!
Компания туралы толық ақпарат алу үшін бір санын басыңыз.
Егер жоба жібергіңіз келсе немесе біздің Сату бөлімімізбен сөйлескіңіз келсе, екі санын басыңыз.
Әрқашан қол ұшын беруге дайын Продакшнді басқару тобынан көмек алғыңыз келе ме?
Бұл да мәселе емес! Үш санын басыңыз.
Сапаға қатысты сұрауларыңыз болса, төрт санын басыңыз.
Қандай да бір идеяларыңыз бар ма? Ұсынстарыңыз бар ма? Оларды құлақ асып тыңдауға дайынбыз! Бес санын басыңыз.
[Мынаны сыбырлап оқыңыз] Т-ш-ш! Тобымыздың бір бөлігі болғыңыз келе ме?
[Алдыңғы дауысқа қайту] Біз жұмысқа қабылдаймыз!
Қазіргі уақыттағы ашық вакансиялар туралы ақпарат алу үшін веб-сайтымызға кіріңіз!
Script 2
[Бұл жазба біздің маркетинг науқандарының бейнелерінде пайдаланылады. Біз оның эпикалық, қызық әрі сәл сырлы боғанын қалаймыз.]
Дыбыстама жасау қиын болған әлемде. Дауыстық актерлік мансаппен айналысу ауыр және қымбат әлемде біз революция жасауды шештік!
Бұл сапарымыз оңайға соққан жоқ, бірақ біз соның арқасында бұрынғыдан да күштіміз.
Біз дыбыстама саласын үйіңізге дейін алып келу үшін қадам қадамымен цифрлық қызмет жасадық. Осы миссиямызға сізді өзімізге қосуды ұйғардық және де осы қиялымызға бірге жетуге қосыласыз деп үміттенеміз.
Біз ешқашан артқа қарамаймыз.
Біз келдік, біз әлемді өзгерттік және біз осында [Мына жерде қысқа пауза] қаламыз.
Біз дыбыстама саласын сіздің қолыңызға алып келдік.
Script 3
[Бұл жазба біздің өніміміз туралы бейнеде пайдаланылады. Біз оның екпінді, қызық әрі шапшаң боғанын қалаймыз.]
Біз кәсіби дыбыстама бойынша неге нарықтағы ең жақсы нұсқа болып табыламыз?
Алдымен, біз Сапаны бақылау тобы мұқият тексерген жоғары сапалы дыбыстамаларды ғана жеткіземіз. Сонымен қатар, әртістердің дауыстық дерекқорында сізге сәйкес келетін көптеген тілдердегі, стильдердегі және бағалардағы мыңдаған нұсқалар бар! Бұған қоса, біздің жобаларымыз Қанағат кепілдігімен қамтылған, егер сіз нәтижеге риза болмасаңыз, өндірісті басқару тобымыз бұған араласып, ақшаңызды қайтарады. [Әр сөзден кейін пауза жасаңыз] Ешқандай сұрақтар сұралмайды
Біз тұтынушыларымызға қолдау көрсетудің фанатигіміз, біздің тобымыз сізге көмектесуге әрқашан да риза. Бізден алатын тәжірибеңіздің мінсіз, кәсіби және [Мына жерде қысқа пауза] қызық екеніне көз жеткіземіз!